"Нұротандықтар" мұқтаж жандарға азық-түлік таратты (ВИДЕО)

Жалпы осынау қиыншылық орын алған тұста еліміздің басты саяси ұйымы «Нұр Отан» партиясы төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында 150 млн теңге қаржы бөлуді тапсырған болатын.

Өз кезегінде партия тиісінше жұмыстар атқаруда. Әсіресе «Bizbirqemiz» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық бастауыш партия ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанатының» еріктілер тобы бірлесіп кенттегі аз қамтылған отбасылармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға ең қажетті деген азық-түлік, гигиеналық құралдарды апарып берді.

muktazh

-Әрине шағын ғана қолдау олардың барлық мұқтаждығын шешпес, десек те бастауыш партия ұйымы қандайма болмасын істің бел ортасынан табылып, қолдан келген көмегін көрсететін болады,-дейді бастауыш партия ұйымының жетекшісі, кент әкімі Асхат Аймұратов.

 

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521