Мұқтаж жандарға көмек қоры құрылды

​Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен коронавирусқа қарсы күреске қатысты мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсету үшін елімізде «Birgemiz» Қоғамдық қоры құрылды.

Елбасы «Nur Otan» партиясына айқын жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Оған мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуге азық-түлік және санитарлық-гигиеналық заттарды беру кіреді.

​Жеті санат бойынша халықтың неғұрлым мұқтаж азаматтардың тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар;

мұқтаж мүгедектер;

мүгедек баланы асыраушы отбасылар;

жас мөлшері бойынша ең төменгі зейнетақыны алатын және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тізіміне енгізілген зейнеткерлер;

жетім балалар (толық жетімдер мен бір асыраушысынан айырылған балалар);

Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген мүгедектер;

тыл қызметкерлері тізімдері

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жолданылды. Қазіргі уақытта жіберілген тізім қаралу үстінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төтенше жағдайдың кезеңінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығы негізінде, Атырау облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға 5567 теңгеден ( 2 АЕК-тен кем емес) азық-түлік және тұрмыстық жиынтығы құны төленуде.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 797 отбасындағы 2032 балаға 11,3 млн.теңге тағайындалып төленді.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521