Мен – қазақстандықпын!

Мен, Гратий Вироника 2002 жылы 15 мамырда дүниеге келдім, ұлтым – молдован. Бірақ, мен – қазақстандықпын. Себебі, кіндік қаным дәл осы қазақ жерінде, Индербор топырағына тамған.

Кентте есейіп, 2008 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің І сыныбына бардым. Қазіргі таңда Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру-аспаз» мамандығы бойынша ІІ курста оқимын. Колледжде оқитын қазақ ұлтының студенттерімен де достық қарым-қатынасты биік ұстанамын.

Менің анам да Индер жерінде туған. Атам - Гратий Николай Александрович, ұлты - молдован, 1949 жылы Молдовияның Лазовский ауданы, Думбровица ауылында дүниеге келген екен. Атамның айтуы бойынша, 1971 жылы комсомолдың жолдамасымен қазіргі Аытрау (бұрынғы Гурьев) қаласына ауыл шаруашылығын жандандыру мәселесі бойынша жұмысқа жіберіліпті.

Сол жылы қазақ қызы, яғни менің әжем Иманғалиева Светлана Абулхаирқызы екеуі үйленіп, жанұя құрған, бала-шағасымен Индерборға қоныстанған. Қазақ халқының мейірімділігін, әр адамға қамқорлықпен қараған ерекше халық екенін, оларға ризашылық сезімін білдіретінін атам Николай Александрович үнемі айтып отырады.

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы мен бірлігі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Вироника ГРАТИЙ,

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің ІІ курс студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521