МАХАМБЕТ ПОЭЗИЯСЫ МӘҢГІЛІК

Азаттық жолында шейіт болған жыр семсері, ақберен батыр Махамбеттің рухын ұлықтауға, ұрпаққа өнеге етуге арналған мәдени шара оның мәңгілік мекені Қаройда өтті.

Алыс-жақыннан ат арытып барған қонақтар алдымен Махамбет мазары басында тағзым етіп, дұға оқыды. Мәдени шараны Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауи ашса, Астана мен Атыраудан келген бір топ қаламгерлер Өтеген Оралбаев, Бауыржан Жақып, Марат Мәжитов, Шәміл Әбілтай, Қойшығұл Жылқышиев,т.б. жүрек жарды тілектерін арнады.

Ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылған «Елдік пен ерліктің өшпес рухы - Махамбет» атты облыстық суретшілер симпозиумы қорытындыланды. Қарой жазығында Махамбет атындағы академиялық драма театры, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, т.б. өнер көрсетті. Спорттық жарыстар өтті. Бірнеше киіз үй құрылып, қонақтарға қызмет көрсетілді.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521