Махамбет музейі салынады

Ауылдағы мәдениет үйінде өткен шарада алдымен режиссері әрі авторы Жанабек Жетіруовтің «Махамбет» деректі фильмі көрсетілді. Одан соң Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиал директоры, ақын Қ.Жылқышиев ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі, отты өлеңдерімен, өрелі ойларымен халқының жоғын жоқтаған дауылпаз ақын, дәулескер күйші-композитор Махамбет Өтемісұлының біздің тарихымыздағы орыны ерекше екенін, дегенмен Махамбетті насихаттау әлі жетіспей жатқанын айта келе, 2018 жылы Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған «Махамбет Өтемісұлы атындағы Республикалық сыйлықты тағайындау» жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша «Махамбет атындағы сыйлықтың иегері» атағы берілген өнер адамдарын атады.

Әсіресе Олжас Сүлейменов бұл атақты алғанда қатты қуанғанын айтып, олардың Махамбет Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейіне сыйлаған кітап, бейнетаспа, басқа да жәдігерлерді музей жетекшісі А.Осихинаға тапсырды.

Шара барысында аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Т.Халин, ардагерлер атынан М.Берғалиевтар ұлттық құндылықтар жөнінде ой өрбітіп, Махамбет мұрасын насихаттаумен қатар көздің қарашығындай сақтау баршаға ортақ іс екенін айтты. Ал ауыл әкімі Ә.Балахметов бұйырса Махамбет музейі салынатынын, оған Махамбет, Малайсары, Мұрат жәдігерлері қойылса үлкен іс боларына тоқталып, Қ.Жылқышиевқа ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521