Мәселе мәмілемен шешілсе игі

Өткен аптада аудандық орталық кітапханада халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Көркемай Қаусованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Алдымен аудандық соттың судьясы Ә.Ишахатұлы бүгінгі таңдағы медиация заңының сот істерінде қолданылу жағдайына, оның тиімділігі мен маңыздылығына тоқталды. Бүгінде ауданымызда медиация кабинеті ашылып, медиация желісін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, дауды ортақ келісіммен шешуге 11 кәсіби емес медиатор қызмет жасауда.

-Медиатор ол даудың белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі. Сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады,- деді Ә.Құспанов.

Келесі кезекте сөз алған Көркемай Ұзақбайқызы медиаторлар дауласушы тараптардың жанжалды немесе дау-дамайды сотқа жеткізбей-ақ, бейбіт жолмен шешуіне көмектесетін бітімгерлік рөл атқаратынын, құпиялылықты, еріктілікті, бейтараптылықты, тараптардың тең құқығын сақтай отырып, үшінші жақтың араласуынсыз даудың барлық қатысушыларымен кездесу ұйымдастыруға көмектесетініне жан-жақты тоқталды. Жалпы бұл кездесуде ауданның кәсіби емес медиаторлары медиация туралы мысалдармен кеңінен танысты.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521