ban2

Ұлттың рухани байлығы

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара жаңа мәдениет үйінде өтіп, оған сала ардагерлері мен қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Мереке иелерін аудан әкімі Серік Арыстан құттықтап, игі тілегін арнай келе, жауапкершілігі мол саланың қызметкерлері аудан мәдениетінің мәйегі жайылуына орасан үлес қосып келетінін атап өтті. Бұдан соң Құттықтау хатын ауданның мәдениет саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, еңбегімен кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, зейнеткер Ұлдай Аманғалиева мен алғашқы кітапханашылардың бірі, есболдық зейнеткер Рабиға Наурызоваға табыс етті.

Ал аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Айнагүл Оралбаева, аудандық балалар өнер мектебінің мұғалімі Серік Нсанов, аудандық балалар кітапханасының әдіскері Мөлдір Темірғалиева, аудандық мәдениет үйінің балалар мен жасөспірімдер маманы Рабиға Бадел мен әншісі Айгерім Нығметова, Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Айгерім Мусаевалар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Өз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және мұрағаттар басқармасының Алғыс хатымен Бөдене ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кеңес Сәрсенғалиев, аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Қарлығаш Өтеуова мен әнші Рза Нұрмағамбетова мадақталды. Сондай-ақ Халықаралық энциклопедиялар редакциясының «Үздік адамдар» энциклопедиясына енген аудан үздіктері «Жарсуат-Мәдениет» кәсіпорнының театр режиссері Мұрат Талас, аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі ән-терме үйірмесінің жетекшісі Еркінғали Әубәкіров, аудандық мәдениет үйінің театр режиссері Шаида Оразғалиева «Сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Салтанатты шараға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Гүлшара Қабиева қатысып, аудандық мәслихат пен депутаттар корпусы атынан мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен  құттықтай келе,  Ынтымақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұмсындық Мұхамеджанова, аудандық мәдениет үйінің әншісі Мұратбек Жұмашев және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің редакторы Мархаба Нариноваға аудандық мәслихаттың Алғыс хатын ұсынды.

Ал сахнаға көтерілген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнаған соң, облыстық халық шығармашылығы орталығының Алғыс хатын «Аққала-Мәдениет» кәсіпорнының директоры Камалиден Ізімов, «Есбол-Мәдениет» кәсіпорнының дыбыс операторы Жандос Салихов, аудандық «Әсем-ай», «Шалқыма» би ансамбльдерінің жетекшісі Шолпан Шүкірғалиева, аудандық мәдениет үйінің театр актерлері Бірлес Бекетов пен Айдос Таженов және көркемдік жетекшісі Аида Сарсеноваға табыс етсе, бөлімнің Алғыс хаты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана суретшісі Шадияр Қазмұқашев, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Тойындық Оспан мен дыбыс операторы Рауан Амангарин, Өрлік және Көктоғай мәдениет үйінің музыкалық жетекшілері Руслан Юдин мен Тимур Умаровқа берілді.

Аудандық Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің шығармашылық есептік концертімен жалғасын тапқан мерекелік кеште ауданымыздың мерейін асқақтатып, елге деген еңбегімен бағаланған аудан ардагерлеріне гүл шоқтары ұсынылды.

Диас АҒЫСҰЛЫ.

Суреттер автордікі.

 

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner