Коворкинг орталығы ашылды

Барған сайын біртұтас жаһандық экономиканың бір бөлшегіне айнала бастаған елімізде іске асырылып жатқанцифрландыру жұмыстары кітапхана жүйесін де кеңінен қамту үстінде.

Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болып келе жатқан кітапхана жүйесінің бұл үрдістен сырт қалуы тіпті мүмкін емес. Өйткені, кітапхана ең алдымен адам санасын байытып, білімін үнемі толықтырып отыратын жаңашыл буынның бірі.

Ал оның жаңа заман талабынына сай жоғары жылдамдықты интернет желісі, wai-фай, проектор, экран, компьютер, тағы басқа озық технологияларға қол жеткізуі өте заңды құбылыс. Сондықтан да аудандық кітапханада жақында салтанатты жағдайда коворкинг орталығы ашылды.

Бірлесе жұмыс істеу деген ұғымды ұқтыратын орталықтың алқызыл лентасын «Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева қиып, жұмысына сәттілік тіледі. Онан соң коворкинг орталығы жұмысының ерекшеліктерін айқындай түсетін көрсетілім экран арқылы көрсетіліп, кітапханашылар ойларымен бөлісті.

- Бұл орталық оқырмандарымыздың өз білім мен танымын кеңейтіп, кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылықтарын да дамытуына болады. Кез келген адам өзінің сүйікті ісімен айналысып, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, гүл өсіруге, қолөнер бұйымдарын жасауға, қысқасы бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайды,-деді кітапханашылар.

Сөйтіп, бүкіл Қазақстан кітапханаларын қамтыған жаңалықтың бір ұшы Индербор кентіндегі тәрбие мен білім орынында жалғасын тапты. Оның жұмысына тек сәттіліктер тілейміз.

С.БИСЕНОВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521