Кооперативтің шаруасы сайлы

«Орлы ой» қыстауындағы байырғы малшы Жолғали Тәженовтің ауылына жеделдетіп жеттік.

«Жарсуат» өндірістік кооперативінің шаруашылық жөніндегі басшысы Аманжол Қажымұратов бізді осы жерден күтіп алып, жалпы кооперативтің шаруашылық барысымен таныстырды. Пішен артығымен дайындалған, аула-қора мұнтаздай таза, осыған қарап, негізгі ахуалдың қандай екенін көруге болады.

Түн көрпесін жамылар шақта біз «Түменбайдағы» жеке кәсіпкер Елдос Жанғалиевтың шаруашылығына барғанымызда епті азамат Алматыдан келген Жалғас ағасына шаруа жайын таныстырып жүрекен. «Айналасына қарап адамын таны» деген істің тетігін білетін азамат үймен қоса мал қорасының өзін сақадай сай етіп тұрғызған. Осындағы малбегі Нұрсейіт Құлетов өткен жылы еңбегіне қарай құрметке бөленіп, аудан әкімінің арнайы Алғыс хатына ие болыпты.

Жалпы шаруашылықтың жағдайы қалыпты, төрт түліктің барлық қамы талапқа сай жасалған. Жалпы бруцеллездің алдын алуға бағытталған сапар құрамында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәулет Есетов, ветеринариялық станса басшысы Ербол Бөкеев, аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Өмірбек Темірғалиев, ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Балғабай Кәриев, Жарсуат ауылдық округінің бас маманы Дархан Қапашевтар болып, барлық түсінік жұмыстарына атсалысты.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521