Көне суреттер байқауының жүлдегерлері анықталды

Ауданның төл шежіресін тасқа басып бүгіннен ертеңге жетуіне дәнекер болып отырған аудандық «Дендер» газеті редакциясы өткен жылы жарық көргеніне 85 жыл толу аясында «Суреттер сөйлейді» тақырыбымен көне суреттерге байқау жариялаған болатын.

Қорға түскен суреттер газетте жарық көрді. Байқаудың қорытындысы жан-жақты зерделеніп үздіктері анықталды. Нәтижесінде «Газет деп соққан жүрегі» тақырыбы бойынша Берік Ерғалиев жүлделі бірінші орынға ие болса, ардагер-ұстаз Қабижан Қапиздың «Тарихты адамдар жасайды» атты фото мақаласы екінші орын, аққалалық ақын Камалиден Ізімовтың «Суреттер сөйлейді» тақырыбындағы фото мақаласы үшінші орынға ие болып, жүлдегерлерге сый-сияпат табыс етілді.

Редакцияда өткен басқосуда басылымның бас редакторы Жанай Амантурлин оларға арнайы дипломдарын табыс етті.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521