Көмектің табысқа қарамайтыны керемет болды

Біз, мәдениет саласы қызметкерлері, ауылдағы көп балалы аналарды алдымен көтермелеп, ұдайы басқаларға үлгі етіп, құрметтеп кездесулерге шақырып, тағылымды шараларда қызықтарымызды бөлісіп жатамыз.

Ортамызда жүрген 9 алтын, 10 күміс алқалы аналардың біз үшін әрқашанда орындары ерекше. Шағын ауыл болған соң бұл жұмыстарды олардан бөлек өткізудің де реті жоқ. Содан да болар Үкімет отырысында осы аналарымыздың жайы алдымен көтеріліп, нақты шешімді шаралар алынып жатқанын естігенде риза болдық. Оны кездескен сәттерде сөз етіп те жатырмыз. Негізі біздің Құрылыс ауылы тұрғындарының көпшілігі өз шаруасын жүргізіп, ұрпағын тәрбиелеп, ел қатарлы күн кешіп жатқан нағыз қазақи орта, құтты мекен. Мұндағы тұрғындар мал шаруашылығын үйлестіре жүргізіп, егінін егіп, бақуатты тұрып жатқан жайлары бар. Ендігі уақытта көп балалы аналарымыздың еш табыстарына қарамастан қосымша көмекке ие болуы керемет емес пе?! Қамқорлықтың мұндай көрініс кім-кімді де риза етеді деп білемін.

Нәсіп АХМЕДИЯРОВА,

«Құрылыс-Мәдениет» КҚМК директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521