Көмек үш бағытта көрсетіледі

Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта, арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.

Министрлік дайындаған бұл Заң жобасында халықтың аз қамтылған топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектер түрлерінің жаңа механизмі жүзеге асырылады. Осы мақсатта қазына қаражатынан 320 млрд. теңге қарастырылатыны белгілі болып отыр. Біріншіден, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмектің 60 пайызынан астамын көп балалы отбасылар құраса, ендігі жерде олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады. Бұл алдымен көп балалы аналардың, отбасылардың әл-ауқатын жақсарта түседі деген сенім бар. Бұл жәрдемақы отбасы балаларының санына қарай, мәселен, 4 балаға 42500 теңгеден бастап, 73 мың теңгеге дейін сараланған айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылған.

Екінші, барлық аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. Бұл арада көмек алушылар мына жайға ерекше назар аударғандарын қалаймыз. Бұған дейін отбасының жұмысқа жарамды мүшесі, егер ұсынылған жұмыспен қамту шарасынан бас тартса, оған әуелі 50 пайыз, одан соң 100 пайызға жеке басына төленбейтін. Енді жаңа Заңның жобасында мұндай жағдай орын алған кезде ол және оның отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан толық айырылады. Осы жайды келешекте аталған топқа жататын отбасылардың қатаң түрде ескеруі сұралады.

Үшінші, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылар балаларына әлеуметтік көмек пакетін пайдалануға жағдай жасалады. Оған белгілі бір мөлшердегі азық-түлікпен қолдау көрсету, мектептердегі «ыстық тамақпен» қамту және мектептегі киім үлгісін алып беру сияқты көмек түрлері жатады.

Төртіншіден, учаскелік комиссиялардың жұмысы одан әрі жетілдіріліп, талап күшейеді. Сайып келгенде көп балалы отбасыларды қолдау және атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің тетіктерін жетілдіруді көздеген Заң жобасын қазан айында Парламентке енгізіліп, 2020 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді деп көзделуде. Ал негізгі ұсынылып отырған Заң жобасындағы тәсілдер жалпы қабылданған стандарттарға сай келеді. Атап айтқанда көмекке мұқтаж адамдардың барлығы да мемлекет қамқорлығында болады, бірақ азаматтар да өз отбасы, балалары алдындағы жауапкершіліктерін терең сезініп, өзін-өзі еңбекпен қамтуға ұмтылғандары дұрыс. Мұның өзі масылдық көзқарастан арылуға алып келеді деген сенімдеміз. Сөз соныңда «Егер отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көп балалы отбасы болса, аталған көмектің барлық үш түрін алады.

Сонымен қатар мүгедек баласы бар отбасыларға қамқор болу – министрліктің ең басты мақсаттарының бірі.

Ажар СЕРІКҚАЛИЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтікбағдарламалар және

азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521