ban2

Көктоғайлықтар ұйықтауға қорқады

Күні кеше Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылында халық шырт ұйқыға жатқан кезде 7 бірдей тұрғынның қора-қопсысы мен қысқа дайындаған шөптері белгісіз жағдайда өртке оранды.

Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ізбасар Сақыпқалиев:

- 6 қараша күні түнгі 03:40-та мекемеге «Б.Нысанбаев көшесіндегі қора өртеніп жатыр» деген қоңырау түсті. Содан оқиға орнына ауданнан 1 өрт сөндіру көлігі мен 3 өрт сөндіруші қызметкер, полиция бөлімінен 2 техника мен 5 қызметкер және ауылдан 1 өрт сөндіру, 1 су тасымалдаушы көлік, 3 адам жұмылдырылды, - дейді тілдескенімізде. Айта кетейік, сала басшысының мәліметі бойынша ауылдағы Қазақстан көшесінен 3 қора 60 м2, Тәуелсіздік көшесінен 30 м1 қора, 100 руллон шөп өртенген.

Оқиға жөнінде ауыл тұрғыны 76 жастағы зейнеткер Роза Ермекованың айтуынша, түнгі сағат 03:00-ке жақын біреу терезе қағып оятқан, алайда сыртқа шыққан кезде ешкімді байқамай, тек лаулаған от шарпып өртенген қораны көрген. Соның нәтижесінде тұрғынның қысқа дайындаған 84 мыңға сатып алған 12 руллон шөбі күлге айналған.

Округ әкімі Мәмбетқали Құсайынов қазіргі кезде күлге айналған қалдықтарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, өртке не себеп болғандығы тексеріліп, алдағы аптада қаралатындығын айтты.

Ауылдағы ашынған халық бұл істің қасақана жасалғанын айтқанмен, істің артында кім тұрғанын таба алмай дал боп отыр. Бұл жайт бұрындары да орын алып, жабулы қазан жабулы күйінде қалған.

«Дендер»-Ақпарат

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner