ban2

Киік келе бастапты

Одан арғы қыстақтарға соққанымызда жағдай қалыпты.

Дегенмен мал ұрлығы, ит-құстың көріне бастауы сынды өздері күресетін мәселелері де жоқ емес. Бір жаңалығы қыр жаққа киік келе бастапты. Жалпы айтушылар бұрындары миграция кезінде киік өзеннен өтіп, Үстірт, одан әрі жылы жаққа қарай жетіп, шағылысқа түсетінін айтады. Ал қазір ондай мыңғырған киік жоқ. Адамның қолымен жасаған айуандығының салдарынан жойылудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан да бүгінде ақбөкен үкіметтің қатаң қадағалауына алынды.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Индер ауданы бойынша бөлім басшысы Т.Шайдуллиннің айтуынша, бүгінде киіктер қырға келе бастаған. Олар осы жақта қыстайды. Сондықтан да оларды қорғаушылар да киікпен бірге көшіп, арнайы күзетеді екен. Әзірге жағдай жаман емес, күміс бауырдың саны жыл сайын көбейіп келетін көрінеді. Негізінен қыр өңірінде жағдай бірқалыпты. Әркім өздерінше қам жасап, қыстың алғашқы айын өткізіп жатыр.

Ж.АМАНТУРЛИН.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner