ban2

Халыққа талғажау болған құмаршыққа ескерткіш қойылды

 Атырау қаласының сәулеті "Құмаршық дәні" мүсіндік-сәулет композициясымен толықты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулықтардың арманымен үндескен ескерткіштің ашылу салтанатына өңірге белгілі өнер және қоғам қайраткерлері қатысты. Тарихқа сүйенсек 1929-33 жылдары 1,5 млн қазақ халқы ашаршылықтан ажал құшқаны ел есінде. Сол залалды Атырау өңірі де көрді. Сонау бір шақта Атырау өңірі, Нарын құмын жағалай қоныстанған халықты аштықтан аман алып қалған азықтардың бірі қасиетті өсімдік Құмаршық еді. Құмаршық туралы аға ұрпақ болмаса, кейінгі ұрпақ біле бермейді.

kumarshyk

- «ҚҰМАРШЫҚ ДӘНІ» композициясы – ұлт тарихына қойылған ескерткіш. Бүгінгі және жас ұрпақ тарихын ұмытпасын деген оймен қолға алған ісіміздің бірі. 2016 жылы бұл жобаны біз аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлына ұсынып, ескерткіш қондыруға ықпал етуін сұрағанымызда, бірауыздан ұсынысымызды мақұлдап, қолдау көрсетті. Бұл ескерткіш бүгінгі ұрпақтың аға буын алдындағы парызы, жас ұрпаққа аманаты .Ескерткіш поэзия падишасы Фариза Оңғарсынқызының ескерткішінің маңында тұр. Оның да себебі бар. Бұл –Манашта дүниеге келіп, дүйім алашқа ақындығымен танымал болған Фариза апайдың ата-бабалар арманымен ұласқан тілегін ақынның 80 жылдығы қарсанында орындап, құрмет көрсетуіміз. Бұл ұсынысты зерделеп, тарихқа тағзым деп, халықты аштықтан сақтап қалған, дүниеге ұлттың танымал талантты тұлғаларына өмір сыйлаған өсімдікке ескерткіш қоюды қолдаған жергілікті атқарушы билікке алғысым шексіз»- деді жоба авторының бірі Тұрсын Калимова.

Қола мен граниттен жасалған композиция шартты үш элементтен тұрады. Ол - рельефті қабырға, орталық элемент және тұғыр. Рельефті қабырғаның алды мен артқы бөлігінде сол құмаршық туралы жыр жолдары мен сол кездегі зұлмат бедерленген: кәмпескеленген мал, ашыққан жұрт, талғажау болған құмаршықты жинап, тамақ еткен адамдар. Граниттен жасалған тұғыр құмаршық өсетін Нарын құмдарының еспе шағылдарын білдіреді. Орталық элемент - рельефті жарып шыққан құмаршық және қол ұстасқан ұл мен қыз бала. Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр 20 сантиметрді құрайды.

Айта кетейік туынды авторлары - Қазақстан журналистер одағының мүшесі, қоғам белсендісі Тұрсын Калимова, мүсінші Ринат Әбенов, қола құюшы Аманжол Мукенов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, сәулетші Асылбек Мұхамеджанов. Орындаған ҚР тас қалаушысы Роман Титушин. Ескерткішке облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан гүлшоқтары қойылып, қала әкімінің міндетін атқарушы Ұлықбек Тнәлиев жоба авторларына қала әкімдігі атынан алғыс хаттар табыстады.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner