Кетебайдағы кездесу

Елбасының жаңа Жолдауындағы халықтың тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту бағытындағы қойылған тың міндеттерді кетебайлықтар да үлкен ризашылықпен қабылдады.

Онысын орталықтан жырақ жатқан ауыл тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Серік Арыстанға ашық айтып, бұл бағытта өздерін мазалаған кейбір жайларды ортаға салды.

Мұнда негізі медпункт қаралмаған екен. Тұрғын Қарлығаш Қапарова отбасында мүгедек жандардың болуына байланысты орталықтан үй алғысы келетіндігін қозғаса, тұрғын Талжібек Нұршәріпова телефон байланысындағы олқылықтарды алға тартты. Ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуына байланысты кедергілер де аз емес болып шықты.

«Ақтөбе» ШҚ төрағасы Қуаныш Естаев та ауылдастарын қолдай келе, сумен қамту, табиғи газ желісін жеткізуге байланысты жайттарды қайталады. Жалпы ауыл тұрмысына қатысты деген ортақ қиындықтарды бірлесіп шешудің маңыздылығын кім-кім де дұрыс түсінетіні осы кездесу барысында анық байқалды.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521