Кент қақпасы көптің көңілінен шықпай тұр

Қаланың қақпасы – әрбір шаһардың айнасы іспетті. Қала қақпасын триумфалды аркамен, яғни П әрпі бейнесінде орнату шығыс пен батыста да кең тараған.

 Индербор арбатындағы арка қақпасы кенттің көркін ашып тұрса, кент сыртында сәулеті мен сәні келіскен дұрыс қақпа жоқ. Мысалы, «Атырау –Орал» жолының кент тұсына осындай арка түрінде Индербордың белгісі орнатылған болатын. Былтыр ауданның 90 жылдығына орайлас іс жақсы басталғанымен аяғында сәулеті үйлеспей қалды. Нақты ресми ашылғанын да көрмедік. Тұрғындар арасында да ренішті пікірлер көп. Мысалы, «сырт көз сыншы» дегендей, фейсбук парақшасында облысқа белгілі кәсіпкер Мұрат Сарманов былай дейді:

-  Индер орталық жолдың бойында орналасқан. Сол жолмен жүргенде қарсы бетте орналасқан май құю стансаларының безендірілуі көз тартады, ал аудан орталығы – Индербор елеусіздеу қалады. Көрнекі, түнгі мезгілдерде шамдармен безендірілген аудан атауы орнатылған, қазақы нақышпен безендірілген белгі-тұғыр орнатылса,-десе, келесі оқырман Айка Тутешовна да кенттің атауы дұрыс көрінбейтінін айта келіп, «белгідегі жылқыларды көріп жылқы өсірумен айналысатын шаруашылық па деп қаласың»,-дейді.

Сонымен қатар Роза Дәулетова, Сайлау Жанабергенов, Мейрамбек Аухадиев, Мұрат Жиекенов, Шалқар Дюшімов, Асылхан Ермұхамбет, тағы басқа да тұрғындар кент қақпаларының үйлеспей тұрғанына реніш пікірлерін білдіреді.

Алыстан сапарлап қайтқан әрқайсымызға туған жердің атауы ыстық көрінеді. Кент атауының сәулеті үйлеспей сүмерейіп тұрғанынан гөрі көркемдігіне көз тойып жарқырап тұрғанын қалар едік.

 

Саламат БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521