ban2

Канберрада күн ыстық

Жасыл құрлық аталып кеткен Австралияның орталығы Канберрада «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақ қызы, индерборлық Данагүл Құбашева көктемнің алғашқы күні ата-анасы Болат пен Алтынды мерекелерімен құттықтап, күннің өте ыстық болып тұрғанын айтыпты.

Ата-анасына осылайша жиі-жиі ыстық сәлемін жолдап тұратын Данагүл Болатқызы Индерборда туып-өсіп, осындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте 8-інші сыныпқа дейін оқып, Атыраудағы Қ.Дүтбаева атындағы педколледжіне оқуға түскен екен. Ол оқуын табысты бітірген соң ағылшын тілін жіті меңгеріп, іргелі кәсіпорын «ТШО» ЖШС еңбек етеді.

- Бұрыннан да ілім-білімге құштар кенже қызым Атырау педагогикалық университетін де тамамдап, енді міне «Болашақ» жолдамасын иеленіп, алыстағы Австралияның Канберра қаласында қызметкерлерді басқару қызметінің қыр-сырын меңгеруде,-дейді әкесі, мемлекеттік қызметтің ардагері Болат Құбашұлы.

Біз де осынау «Жастар жылында» үш тілде жіті сөйлеп, арман қуып алысқа аттанған қыр қызғалдағы Данагүл Болатқызын туған жерге оралған көктемнің ең көрікті мерекесі 8 наурызбен құттықтап, білім жолындағы ізденісі жемісті бола беруді тілейміз.

С.БИСЕНОВ,

Индербор кенті.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner