КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Кәмелетке толмағандардың, оның ішінде полиция органдарының есебінде тұрған және қолайсыз отбасы балаларының бос уақытын тиімді өткізуін әрі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бір апталық «Жұмыспен қамту» акциясы басталды.

Осыған орай полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Жас өркен» балалар жазғы демалыс лагеріндегі демалушылармен жүздесіп, пікірлесті. Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны Армат Ишанғалиев балаларға жаз мезгілінде ата-ананың рұқсатынсыз Жайыққа баруға болмайтынын және белгіленбеген жерге суға шомылудың соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтыратынын, сондай-ақ өрт болған жағдайда арнайы байланыс нөміріне дереу қоңырау шалу керектігін ескертті. Ал АПБ-нің ЖПҚб-нің ювеналды полиция тобының инспекторы Анаргүл Жұбатқанова мен полиция капитаны Әлішер Андашев мектеп оқушыларына лагерь кезінде бір-бірін кемсітпеу керектігін, керісінше қамқор болу қажеттігін түсіндіріп, жауапты тұлғаларсыз (ата-ана) түнгі мезгілде көшеге шықпауды тағы бір мәрте қаперлеріне беріп, демалушылардың сұрақтарына жауап қатты.

dsc_1352

Айта кетейік, қазіргі таңда лагерьдің II кезеңінде 202 бала демалып жатыр. Оларға барлық жағдай жасалған. Ал күні бүгін полиция органдарының есебінде 6 жасөспірім тұр. Аудандақ ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Г.Құбашеваның айтуынша, акция кезінде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алуға, құқық қорғау органдарының тізімінде тұрған жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалануда іс-шаралар ұйымдастырылады екен. Соның бірі «Каникуль» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ҚР ӘҚБтК 127 бабы бойынша – 1, 442 бабының 2 бөлігі бойынша – 7 құқық бұзушылық анықталыпты.

Сонымен бірге топ мүшелері Жайық жағалауындағы демалушыларға сақтық шараларын түсіндіріп, арнайы бетшелерді таратты.

shine1

Айталық, бұл жер қоқыс қалдықтарына толы. Тұрғындар ішіп-жегендерін арнайы қоқыс контейнеріне емес, қасына әкеліп тастауды әдетке айналдырған. Себебі, контейнердің іші емес, керісінше жан-жағы қоқыстан көз аштырмайды. «Сондықтан, Жайық жағалауын таза ұстау үшін, қоқысты далаға шашпай, арнайы орынға салу керектігін айтқымыз келеді»,-дейді топ мүшелері.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521