ban2

Көше тегістеліп, ауыл ажарланды

Соңғы кезде Ынтымақ атанған ауылымыздың аты өзгеріп қоймай заты да жаңарып жатыр десек те болады.

Бұл жаңалықтарға алдымен ауылдың көнекөз үлкендері өзіміз, жастарымыз ерекше қуанулы. Олар қуанып қоймай, 1989-1990 жылдары туған жастарымыз бірігіп, Атырау-Орал күре жолының бойындағы «Ынтымақ ауылы» деген белгіні жаңартты. Ауыл үлкендері оған шашуымызды шашып, ризашылығымызды білдірдік.

Шағын ауылда 80-90 отбасы тұрамыз. Бүгінде жастарымыз бас құрап, бір-бір үй көтеріп, өзі бір көшеге айналуда. Енді, міне жаңа балабақша салынбақшы екен. Оған ата-аналардың қуаныштары шексіз. Алыстан көз тартатын сәулетті, екі қатарлы, ауласы толған бау-бақша, іші жаңа жабдықтармен қамтылған мектеп бой көтерді. Балаларымыз сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшынуда.

Ауылда көптен күткен игі істердің бірі – тазартылған су тартылып, көше жолдары асфальтталды. Медпунктке жас маман келіп, жұмысына кірісті. Атқарылған игі істерге сай мәдениет үйінің де іші мәнді де қызықты шараларға толы болуда. Мұның өзі әр тұрғын көңілі көтеріңкі, ертеңіне сенімі артқанын көрсетпей ме?! Мен соған қуанулымын.

Айжамал ИМАНҒАЛИЕВА,

Ынтымақ ауылының тұрғыны.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner