Көркем фильм көпшілікке көрсетілді

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Осыған орай аудандық Жастар орталығында «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың өмірімен өрнектелген «Мен көрген соғыс» деректі фильмі аудан жастарына көрсетілді. Бұл игілікті шараны өткізуге аудандық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.

Айта кетейік, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлов өзі көрген қиян кескі күндердің кешегі тарихын таңба басып, қазақстандық боздақтардың ерліктерін шығармаларына арқау етті. Дегенменде, Ауған соғысы жайлы әлі де айтылмаған ақиқат көп. Бірақ деректі фильмдегі оқиғалар сол бір шайқастарға өзі қатысқан баһадүр Б.Смағұлдің өз әңгімесімен баяндалады. Сондай-ақ боздақтар оққа ұшқан ажал алаңы, қираған соғыс техникалары күңіренген тау мен тас бәрі кешегі қасіретті күндердің үнсіз белгілері болды. Жалпы фильмде қазақ жауынгерлердің ергілі де шынайы суреттеледі. Бұл бейбіт күндегі бүгінгі ұрпаққа зор тағылым еді.

Естеріңізге сала кетейік, ауған соғысының ардагері Б.Смағұлов «Ауғанның от-жалыны», «Мен көрген соғыс», «Қан кешкен күндер», Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев туралы «Намыстың құлы - Алаштың ұлы», «Қаһарман» атты кiтаптардың авторы.

Жиын соңында көзі қарақты көпшілік өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шығарманың шынайлығын айтып тарқасты. Ал ұйымдастырушылар болса алдағы күндері орталықта жастарымызды отансүйгiштiкке тәрбиелеп, ерлiкке баулитын фильмдер көрсетілетінін айтты.

 

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521