Кәрістер наурыз көжеден дәм татты

Қазақ халқының жаңа жылы есептелетін ұлық мерекесі - Наурыз мейрамын бізбен бірге түркітілдес елдер мен Орта Азия елдері де тойлайды. Шет мемлекетте білім алған М.Әуезов атындағы орта мектеп түлегі, Оңтүстік Кореяның оңтүстігінде орналасқан Кванджу қаласында Чоннам Ұлттық университетінде 2 жыл жоғары оқу орнын бітірген жерлесіміз Әли Нәсіпқалиев өзге елде Наурыз мерекесін қалай тойлағаны жөнінде айтты.

- Наурыз ол жақта тойланбайды. Түбіміз түркі тілдес бауырларымызбен бірігіп Наурыз мерекесін жоғары оқу орнының ішінде тойлауды жөн көрдік. Қызығын айтайын, біздерге қарағанда өзбек пен қырғыз бауырларымыз көп болды. Наурыз мерекесіне бірнеше күн бұрын қызу дайындыққа кірісіп кеттік. Қыздар жағы бір күн бұрын бауырсақ пісіріп, наурыз көже дайындап, жігіттер жағы қастарында демеу болып, көмек көрсетіп жүрдік. Наурыз көжені дайындаудың жыры өзгеше болды. Басқа елден наурыз көжеге қоспалары дейді ғой соны табу қиынға соқты. Біз оқыған қалада орыс тілділер тұратын орыстар ауданы болды, тіпті біздің елде жасалатын дәмді тамақтар сонда сатылатын болды. Біздің жоғары оқу орнымыздан алшақтау орналасқан. Айына бір немесе екі ай да бір барып ұлттық тағамдарымызды жеп сағынышымызды басатын едік, сол жерге барып нағыз қоспаны таппасақта ұқсатып бағуға тырыстық. Сөйтіп қыздар бір күн бұрын көжені пісірді. Айран дайындаймыз деп сүтті 1 апта бұрын алып ашытқанымыз есімде,-дейді ол.

Жазып алған: Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521