ban2

Көліктердің жаңа техқұжаты енгізіледі

1 қаңтардан бастап техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі.

Кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды. Техқұжаттарда ультракүлгін қорғаныш элементтері салынып, көліктің тіркеу мәліметтері жазылған электронды микросхема орнатылады. Бірақ ескі техникалық паспортты тез арада ауыстырудың қажеті жоқ. Себебі жаңа жылға дейін берілген құжаттар көлікті қайта тіркегенше күшін жоймайды.

Балаларға шетелдік төлқұжат міндетті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті. Әлемдік төлқұжат-визалық бақылау қауымдастығы талаптарының күшейтілуіне байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Бұған терроризм мен экстремизм қаупінің артуы себеп болып отыр.

Өз тілшіміз

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner