КӨЛІККЕ ҚАҒЫЛҒАН ОҚУШЫ

Индербор кентінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді жеңіл автокөлік қағып кетті.

Оқиға 18 қыркүйек күні түстен кейін «Toyota Camry» жеңіл автокөлігін тізгіндеген Батыс Қазақстандық Ж.Н. есімді азамат мектеп оқушысын қағып, оқыс оқиға орын алған. Индер аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары Ерғанат Темірхановтың айтуынша, Қонаев көшесінің оң жақ бөлігінен үш қыз жан жағына қарамай жүгіріп шығып, екеуі кідіріп, біреуі өтемін деген мезетте автокөлікке соқтығысқан. Сол мезетте темір тұлпар тізгіндеген көлік иесі жедел-жәрдемді күтпей оқушыны аудандық ауруханаға жеткізген. Миына зақым келген бүлдіршіннің тексеру нәтижесі бойынша іс қаралатын болады. Қазіргі таңда оқиғаға себепкер болған азаматтың көлігі айыптұрақта тұр. «Сақтансаң сақтармын» демекші, жолдан өтер кезде арнайы жаяу жүргінші жолынан өтіп, абайлғаныңыз абзал.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521