Көлік сатып аларда ескеріңіз

Көлік сатып аларда машинаның техпаспортын алып, оның шыққан жылын, идентификациялық номерін мұқият тексеріңіз.

Шет елдік машиналарда шыққан жылы қауіпсіздік белдігінің бекітілетін жерінде және терезелерде болады. Кузовтың номері капоттың астында, жолаушы отыратын алдыңғы отырғыштың астында жазылып тұрады. Мотордың номерін де қараңыз (Бүгінгі бірқатар көліктерде мұндай нөмір салынбай да жүрген көрінеді). Кузовтың арасындағы қашықтық ұзына-бойына бірдей болуы тиіс. Дөңгелектің резиналары да бірдей желінуі керек.

Олар әртүрлі болса, онда көліктің қозғалыс тетіктерінде бір кемшілік бар деген сөз. Ал капоттың асты тап-таза болғаны жөн. Әйтпесе, шаң-тозаң майдың ағып тұрғанын, басқа да ақауларды тасалап, көрсетпей тұрады.

Әрбір болт, бекіткіштердің айқын көрініп тұрғаны жөн. Барлық есіктерді де бірнеше рет ашып-жауып тексеріңіз. Ол белгілі бір деңгейде күш жұмсалып, жеңіл жабылып тұруы тиіс. Автокөліктің бояуына да ерекше назар аударыңыз.

Егер көлік өзге түспен боялған болса, ол қандайда бір апатқа түскендіктің белгісі. Сондықтан әйнектер бекітілген резиналарды, есіктер мен жүк салғыштың қақпағына, ашып-жабылуындағы тегістікке де ерекше назар аударыңыз. Резина мен пластикалық қондырғыларда бұрынғы бояудың түсі қалып қояды. Бояудың болмашы жиырылып немесе түрліше көрінуін де көзден таса қылмаңыз.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521