ban2

Көлік нөпірі көбейді

Көлік көбейе бастағасын кент көшелерінің кейбір бұрылыстарында кәдімгідей «тығын» пайда болатын болды.

Автокөліктің нөпірінен  жаяу жүргіншінің жолдың кез келген жерінен өтпей күтіп тұруына тура  келуде. Сөйтсек, ауданда көбейген көліктің саны 4536-ға жетіпті. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Абзал Рамазановтың айтуынша,  оның ішінде жеңіл көліктің үлесі басым – 3642, ал  жүк көлігі-624 және 270 трактор бар.

Көліктердің жартысынан астамы, яғни 2086-сы  жеңіл көлік, 280 жүк көлігі, 60 трактор Индерборда. Аудан орталығынан кейінгі халқының саны көп Есболда 389 жеңіл, 132 жүк, 40 трактор болса,  Көктоғайда 351 жеңіл, 67 жүк, 21 трактормен ауданда алғашқы үштікті қорытындылайды екен.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner