Көлдер құрғап жатыр

Жыл сайын құрғақшылық дендеп, қуаңшылық ауыл шаруашылығымен шұғылданушыларға қиындық туғызып тұрғаны белгілі. Жайылым тар, шабындық жоқтың қасы.

Енді міне, "жығылғанға жұдырық" дегендей көктемгі өр суы да келмей, Жайық өзені әбден тайызданып, жаяу өтетін халге жететініміз өз алдына, көлдерге су шықпай қалыпты. Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының Индер бөлімінің басшысы Т.Шайдуллиннің айтуынша, өткен жылы 2 метр 80 см су келсе, биыл бар-жоғы 1 м. 80 см көтерілген.

- Онсыз да ауданымыздағы 21 тоғанның 5-6–сында ғана су бар болатын. Енді биыл оған да су шықпай қалды. Ондағы қалған балықтар ауа жетпегендіктен қырылуы мүмкін. Әрине, оның алдын алу шараларын алып, табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, құтқару жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ табиғат тепе-теңдігін ойласақ мына жағдай орманның да қурауына алып келуі әбден мүмкін,-дейді ол.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521