КӨКӨНІСТЕР КӨТЕРІЛІП, ШАРУАГЕРЛЕР ІСІ АЛҒА БАСТЫ

Қандай ма болмасын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттің негізгі стратегияларының бірі. Оның ішінде ауыл шаруашылығының рөлі жоғары. Биыл аудан бойынша 1460 гектар жерге егін егілді.

Оның 470 га-картоп, 450 га-көкөніс, 180 га-бақша, 330 га-екпе шөп, 30 га – жеміс-жидекті құрайды. Бүгінде көкөніс көтеріліп, шаруагер оның бабын тауып, зиянкестермен қорғаумен әуре. Есбол округіне қарасты «Слава» шаруа қожалығына ат басын бұрғанымызда шаруашылықтың директоры Ким Вичяслав қарсы алып, егіс алқабын аралатты. Егін құрылымының жоспарына сай 8 га қияр, 40 га жуа, 25 га қарбыз, 2 га сәбіз егіп, 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. - Егін шаруашылығы оңай жұмыс емес. Егінді егу оңай, оны баптау, өсіру қиын. Маңдай теріңді төгіп, еңбек етпесең, жер-ден нәпақа таба алмайсын. Бірде өнім берсе, бірде жоқ. Тәуекелге барасың,- дейді шаруагер. Ал, «Владимир» ШҚ барғанымызда оның төрағасы Қалықыз Есқайырова 80 га картоп, 10 га пияз еккенін, сапалы өнім алу үшін, еккен дәнді-дақылына күтім керектігін, уақтылы суарып, тазартып отыру қажеттігін айтты. Картопты алғаш еккенде күнара суарып, кейін қалыптасқан соң 10 күнде бір суарса жетеді екен.

- Бір қияр қандай да бір өсімдік ауруынашалдықса, оны жұлып, тазалап тастап әрі қарай басқалары ауруға шалдықпайтындай етіп өңдеп, жұмыс істей береміз. Тамшылатып суарылады. Осы жүйенің көмегімен әрбір өсімдіктің тамырына су жетеді. Топырақтың үнемі ылғал болып тұруы маңызды. Сонда топырақтың нығыздалған беткі қабаты (қабығы) пайда болмайды,– дейді Руслан Жаншин. Жалпы, кірпияз қияр жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді. Қалыпты өсуі үшін жылыжай ішіндегі температура +42°С-тан кем болмауы тиіс. Осыған орай жұмысшылар жылуын реттеп отырады екен. Оған қоса қауын-қарбыз да өсіп келеді. Жарсуат ауылдық округінде орналасқан Самат Қалиевтың шаруа қожалығы 1600 түп қияр, 500 түп қызанақ, 1000 түп перец, баклажан, қауын, қарбыз өнімдерін еккен.

e

Жалпы дала жұмыстарынын жай - жапсарын біліп, аралап шыққан аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Есетовтың айтуынша, көктемгі егін алқаптарын өңдеуге 28 трак¬тор, тұқым сепкіш, тіркемелері тартылса, тұқымды әркім қолы жеткенше Ресейдің Самара қаласына дейін барып алған. Сондай-ақ, 32 пайыз аудандағы егіс көлемі жаңашыл тамшылату әдісімен жұмыс істеуге көшіп, Көктоғай ауылдық округінен «Құлыншақ» шаруа қожалығы жоңышқа шөбін өсіруге жаңбырлатып суару құралын пайдаланып отыр. Ең маңыздысы егістік алқаптарға су уақытында жетіп, «Казсушар» РМК-мен 25 шаруа қожалық су пайдалану үшін келісімшартқа отырған, қазір «Бағырлай», «Жалаңаш-жар», «Ақсай», «Алғабас- Жорық», «Құрайлы сай» каналдарында орналасқан 5 жүзбелі су насосы жұмыс жасаса, каналдарға сәуір айынан бастап су жіберілген. Ал, «Алғабас-Жорық» каналы жөңдеуден өтуде. Айта кету керек, егіс жұмыстарындағы 18 шаруа қожалықта 267 мигрант жұмыс істеп жүр. Өкінішке орай, жергілікті тұрғындар мұндай жұмыстарға барғысы жоқ.

– Тәуекелге бел буып, биылғы жылы иелігіміздегі жерге әр түрлі тұқым ектік. Алқап басында жүріп, күтіп- баптаудамын. Енді, уақыты келгенде өнімді жинап алатын боламыз. «Не ексең, соны орасың» демекші, өнім жақсы боларына сенемін. Алдағы жылдары алқапты ұлғайтсақ деген ойдамыз,- дейді қожалық жетекшілері. Біздің ұққанымыздай, әзірге егіс алқаптарында жұмыс бір қалыпты жүріп жатыр. Әркім өз ісінің шебері болғандықтан, сепкен өнімінен шелектеп өнім алуға бел бууда.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521