ban2

«Көк кітапшаның» көмегі

Елімізде төрт немесе одан да көп баласы бар аналарға арналған «Көк кітапша» болатыны белгілі. Оның көмегі қандай?

Міне, осы жөнінде «WhatsApp» әлеуметтік желісіндегі аудиожазбада «Төрт немесе одан жоғары баласы бар аналар көк кітапшаны алып алу керек. Ертең балабақшаға тегін бару, автобуста тегін жүру, балаларды жоғары оқу орнына тегін оқыту секілді осының бәрі 1 шілдеден бастап күшіне еніп, орындалады екен. Соған дейін осы құжатты беріп жатыр, алып алыңыздар» деген ақпарат тарап жатқаны белгілі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» комерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Индер аудандық бөлімшесі мамандары ол жөнінде 2018 жылдан бастап көк кітапша беру тоқтатылғандығын, бірақ қазіргі кезде қажет болған жағдайда ғана электронды түрде арыз беру арқылы алуға болатындығын айтады. Бірақ оның да өз талаптары бар екен, яғни ол ата-ананың төрт немесе одан да көп баласы және олар кәмелеттік жасқа толмаған болуы, бір мекенжайда тұрақты тіркеуде тұруы шарт екен.

Ал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева аудиода айтылған мәліметтер әлі күшіне енбегендігін, қазіргі кезде көк кітапша тек мектептегі көмек пен үй алу кезегіне тұру үшін ғана қажет екендігін, жалпы қолда болғанның артықтығы жоқтығын қаперге береді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner