ban2

Көңілді кеш

Жақында Елтай ауылындағы «Қызғалдақ» бөбекжайында қыс апталығына орай «Көңілді қыс» тақырыбында тәрбиешілер арасында спорттық сайыс өтті.

Бөбекжай ұжымын бір ортада мақсатты жұмыла бірігуге, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру арқылы шапшаңдыққа баулу мақсатындағы сайысқа «Жалын», «Болашақ», «Достық» деп аталатын топтар тоғыз кезең бойынша сынға түсті.

Шеңбір ішінде ұйымдасқан ұжым болып 4 адамнан құралған топ әр кезеңде өздерінің шапшаң, әрі алғыр екендіктерін дәлелдей түсті. Сондай-ақ қатысушылар кедергілер арасынан өтіп, межеге жетуге алдарына жан салмады. Сайыс соңында шарттарды тез әрі қатесіз және ептіліктерін көрсеткен «Жалын» тобы бірінші орынға, ал «Болашақ» пен «Достық» тобы екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бөбекжайдың «Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Маркизат Өтешовадан білгеніміздей балабақша ұжымы аптаның алғашқы күні ақ қармен түрлі ертегі кейіпкерлерін безендіріп тәрбиеленушілерге көңілді кеш сыйласа, келесі күні «Біз шыныққан баламыз» тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырыпты.

Д.АЙБАР.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner