Ізгілік ұясы

Жалпақ далаға көктемнің келуін алдымен ұзақ қарғаның келуімен байқаса, негізгі шуағы көкек шақыруымен белгілі болады. Бұтақтан-бұтаққа қонып, көкек шақыра бастаса кәдімгідей бала қуанып, көңілге жаз орнай бастайтын. Алайда көкек өз атын өзі шақырады, балапанын тастап кетеді деп жағымсыз құсқа баласа, ғалым Шоқан Уәлихановтың пайымдауынша керісінше киелі құс.

Баяғының бәйбішелері ырыс мол болады деп, көкек қонған бұтақты алып, сүт құйған сабаға салып қоятын болған екен. Дегенмен сол көкектің жағымсыз қылығынан қаштық па "Сәуір болмай, тәуір болмайды" деп бұл мезгілді араб тілінен енген осы "сәуір" сөзімен қабылдадық. Биыл біздің өңірде көктемнің ерте шыққанының белгісі ме құстар ұя салып, жұмыртқалап үлгеріпті.

Жақында Еңбек Қызыл Ту орденді ұстаз Мұқанғазы Сирановтың 1924 жылы өз қыстауында мектеп ашып, бала оқытқан жеріне барғанымызда жусанның түбіне торғай ұя салып, жұмыртқалағанын көрдік. Кезіндегі білім ұясы бүгінде құстардың ұясына айналғаны ізгіліктің белгісі емес пе деген сезім ұялады біздің де көңілімізге.

zhumyrtka

Әншейінде қоярға жанын таппай балапанын қорғайтын торғай екеш торғайда бұл жолы аспанда еріксіз қалықтауының өзі бізді досындай қабылдап еркінсу байқалады.

Әйтеуір, жұптасқан құстар даланы әнге бөлеп, сәніне айналса, қанатын жайып, көкте қалықтаған дала қыраны да жердегі тіршілікті сонадайдан бақылап жүргендей. Ал қырдағы ағайын болса, көкке тойған малдың сүтінен сәуірдің майын мол жинап алуға тырысып, оны қысқа сақтап, емге де пайдаланады.

Амалға толы бұл айдың бес қонағы да таяп келе жатыр.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521