"ІЗ ТАСТАП АҚҚАН БІР ЖҰЛДЫЗ..."

Елтай ауылдық мәдениет үйінде қазақтың тұңғыш бард ақыны, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, сазгер Досымов Табылды Аяшұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Із тастап аққан бір жұлдыз...» атты аудандық ән фестивалі өтті.

Талай ақындар мен дүлдүлдер туған қасиетті Индер өлкесінде дүниеге келген қазақтың әйгілі бард-әншісі, қайталанбас талант иесі Табылды Досымовтың өмір жолы, естеліктері, әндерінің бейнежазбалары көрерменнің ыстық сағынышын басқандай. Аққалалық Рафаэл Демеуұлы өзінің «Табылдыға арнау» өлеңін оқып, ерекше әсер сыйлады.Одан әрі индерлік Бақберген Қияқбайұлы С.Жанболаттың әніне жазылған «Сағыныш»,

tabyldy

Абылай Әлібекұлы бард ақынның «Сәйгүлік», «Қара гүл», Алтынбек Айболатұлы «Алматыда қалған қыз», «Ақан серіге», жарсуаттық Ұлықбек Сағынғалиұлы Ф.Оңғарсынованың «Қыз махаббаты», «Махаббатты сезіну», көктоғайлық дуэт Жеткіншек Мұхсиұлы мен Әлия Есенгелдіқызы «Уақыт» әндерін нақышына келтіріп орындаса, Нұрсұлтан Қайырлыұлы Ш.Әбдікәрімованың «Күнекей қыз», С.Әбуғалиевтың «Тәтті мұң» әндерін гитарамен шырқады.

Сондай керемет кеш соңында Елтай МКҚК директоры Бауыржан Ғабдысаматов фестивальға қатысқан Табылды әнін орындаушыларды алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ақынның өзі өлгенімен өлеңі өлген жоқ, әр қазақтың жүрегінде тербетіліп жүр.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521