ban2

Қиын күндер өтті ғой...

Ұзақ жылын мемлекеттік қызмет саласына арнаған, Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында еңбек еткен, қазір бейнетінің зейнетін көріп отырған Тоғжан Төлеуова абыройлы міндет арқалаған жылдарын жастарға үлгі етеді.

- Мемлекеттік қызметшінің бойында аса жоғары жауапкершілік және отансүйгіштік қасиет пен елге деген жанашырлық болуы тиіс. Сонда ғана ол жақсы маман атанбақ,-дейді ол.

Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету екендігін ескерсек, әр адамның көңілінен шығып, мәселесін шешіп отыру оңай іс емес. Осы жолда, 41 жыл еңбек өтілінің 33 жылын мемлекеттік қызметке арнаған Тоқжан Ерғанатқызының ұзақ жылғы еңбегі ауыл тұрғындарының көз алдында өтті. Ол осы округте хатшы, маман, бас маман болып халыққа қалтқысыз қызмет атқара жүріп, бастауыш басқару аппараты партия ұйымының хатшысы, ауылдағы әйелдер кеңесінің мүшесі сынды қоғамдық жұмыстарды да қоса атқара білді.

- Әр адамның еңбек жолы өзіне ерекше ыстық деп білемін. Мен алғаш ауылдық кеңес атқару комитетінің хатшысы болып сайланғанымда атқару комитетінің председателі болып Айбар Қабиев, сол кездегі ауылдық округтің есепшісі болып Бисен Дәулетов, кейінгі жылдары Төлеш Мамаев, Кәрим Хамидуллин есімді ағалардың қарауында қызмет жасадым. Мені қашанда өз баласындай қамқорлап, ақыл-кеңестерін айтып отыратын еді. Олар есімде өмірде адал, қызметтеріне аса жауапты, талапшыл, сонымен қатар жүрегі ізгі де мейірімді жандар ретінде қалды,-деп еске алады Тоғжан апа сағыныш толқынында тербеліп.

Жолдасы Қази Мусағалиев екеуі бүгінде жоғары білімді 3 ұлы мен 2 қызынан өрбіген 6 немере мен 3 жиеннің қызығын көріп отыр. Лайымда солай болғай.

Диас АЙБАРОВ,

Бөдене ауылы.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner