Ит азайып, мысық көбейіпті

Тұрғындар тарапынан бұралқы иттерге қатысты шағым жиі айтылады. Осыған орай жыл басында ит, мысық ату жұмыстарына бір миллион теңгеге жуық ақша бөлінсе, оның бүгінде 70 пайыздайы игеріліпті.

Аудандық ветеринариялық станса директорының орынбасары Н.Әзіғалиевтің айтуы бойынша, бүгінге 460-қа жуық ит атылып, арнайы мал молаларына апарылып жойылған. Алайда шарбақта ит ұстайтындар тиісті ережені сақтамайды. Соның салдарынан газет таратушылар, оқушылар, басқа да тұрғындарды ит қауіп алуы жайы кездесіп қалып жүр.

Дегенмен, ит азайғанмен, мысық көбейіп баратыны тағы бар.

Ж.Ісім

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521