Іссапар құжаты азайды

2018 жылғы желтоқсанда Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша қолданыстағы Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЭЫДҰ) мен дамыған елдердің табысты тәжірибесіне сәйкес «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға және есептілікті жеңілдетуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді.

 

Бұл жөнінде таяуда брифингте МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев айтты. Қабылданған жаңашылдықтарға сәйкес, мемлекеттік органдар өздерінің қызмет ерекшелігін ескере отырып, белгіленген бюджетке сәйкес қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін дербес әзірлеу және бекіту құқығына ие.

Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау бойынша іссапар шығындарын өтеу көлемі өзгеріссіз қалды және айлық есептік көрсеткіш бойынша бекітілген нормативтерге сәйкес анықталады. Мемлекеттік қызметшілерден тұруға орын ұсынған ұйымнан қажетті құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Осылайша, іссапардағы қызметкерлерге келесі құжаттарды беру жойылады: фискалдық чектер, кассалық кіріс ордерлері, шот-фактуралар, есептер, хабарландырулар, жалгерлік шарты, патенттер, куәліктер және өзге де қонақүй қызмет көрсетушілерімен ұсынылатын растайтын құжаттар.

Біз растайтын құжаттардың міндетті түрде ұсынылу нормасын алып тастау бірқатар оң аспектілерге ие деп есептейміз, мысалы:

1. Төлеуге іссапардағы қызметкерлермен жалған құжаттарды ұсынуды жою және жалған құжаттарды ұсынатын тұлғалардың заңсыз табысының жолын кесу;

2. Қызметкердің қысқа мерзімде іссапарға жіберілген уақытын ұтымды пайдалану (тұру жөнінде құжаттарды ресімдеуге қажеттілік жоқ);

3. Жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерге іссапар шығындарын өтеу барысында қаржылық бұзушылықтарды азайту;

4. Құжаттарды тексеру үшін қаржылық қызмет қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдеу (аванстық есептер).

Бұдан басқа, іссапар шығындарын өтеу бойынша біріздендірілген тәсілді қабылдау мемлекеттік органдардың қосалқы қызметтерін оңтайландыру және орталықтандыру арқылы қамтамасыз етілетін экономикалық әсер береді.

«2019 жылдың басынан бастап Агенттік орталықтандырылған еңбекақы, еңбек демалысы, іссапар шығындары және бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жылдық балансты тапсыру қорытындысы бойынша Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде бухгалтер лауазымын оңтайландыру жоспарлануда. Жыл сайынғы болжамды үнемдеу көлемі 28 млн.теңгені құрайды», - деп атап өтті МҚІСЖҚА Ішкі аудит басқармасының басшысы Сәуле Ақмамбаева брифинг барысында.

Атап өту керек, 2018 жылдың екінші жартысынан бастап Агенттік мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуді, кадрлық іс қағаздарды жүргізу және аумақтық бөлімшелерді құқықтық қамтамасыз етуді орталықтандыруды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521