ИндерСу – үздік кәсіпорын

Жақында Нұр-Сұлтан қаласынан тағы бір қуанышты хабар келіп жетті.

Онда Қазақстан Републикасындағы барлық кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жұмысына сараптама жүргізіп отыратын Ұлттық бизнес-рейтинг орталығы алғашқы 50 үздікті анықтағаны көрсетілген. Бұл қатарда алғашқы қос бірдей орынды жеңіп алған аудандағы «Индер Су» кәсіпорны да бар. Беделді құрылым шешімі бойынша индерлік ұжым Қазақстандағы жергілікті жердегі мемлекеттік кәсіпорындар арасынан «Бюджетпен есептесу көлемін көтерген үшін» алтын рейтингке қол жеткізген.

Атап айтқанда кәсіпорын Қазақстандағы үздік 17-нің ортасында төртінші (Алтын) және «Бюджетпен есептесу динамикасының өсімі» бойынша мәртебелі 7-інші биіктен табылып отыр.

Республикадағы 50 үздік кәсіпорынның алғашқы 17-сіне алтын, тағы 17 –іне күміс, үшінші топтағыларға қола тапсырылатынын ескерсек, индерлік коммуналдық қызмет саласындағылардың еңбегі қомақты екені анық көріне түседі.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521