ИНДЕРЛІК ҚЫЗ АЙФОН ҰТЫП АЛДЫ

Жиырма алты жасар индерлік Айдана Бижанова «RK-tel» - ұялы байланыс салоны ұйымдастырған лотереядан айфон ұтып алды.

Жақында кейіпкеріміз Атыраудағы аталмыш салоннан қолма-қол «Айфон-7» ұялы телефонын сатып алыпты. Содан сол мезетте орталықтың қызметкерлері Айданаға «Бізде қолма-қол қаражат арқылы қымбат ұялы телефондар сатып алса, сол тұтынушылар арасында ұтыс ойыны болып жатыр, қатысып, бағыңызды сынап көріңіз!» деп ұсыныс тастаған болатын. Содан Айдана нар тәуекел жасап, орталық ұйымдастырған тікелей эфир арқылы кез келген нөмірді шығару ойынына қатысып, жеңіске жетіпті.

- 14 мамыр күні осы орталықтан қымбат телефон сатып алдым. Сондағы қызметкерлер ұтыс ойыны болып жатырғанын ескерткен соң, қатысып көрдім. Кейін ауылға келіп тікелей эфирді тамашалап отырғаным сол еді, «Атыраулық досымыз – біздің жеңімпаз» дегенде кім ұтып алды екен деген ойладым. Содан атыраулық Айдана Бижанова деген сөзді естігенде қатты қуанып, ерекше сезімде болдым. Міне, қазір тағы бір Айфонға солай қол жеткіздім,-дейді.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521