Индерлік 21 жасар Арайлым Ишахат "Miss Virtual Kazakhstan" атанды

Атырау облысы Индер ауданынан шыққан бойжеткен 1500 қарсыласын артта қалдырып, Мисс атанды.

Байқау жеңіпампазы, яғни жаңа сұлулық ханшайымы Арайлым Ишахат ауданға беделді Әділ Құспанов пен Гүлнәр Хайырлиеваның отбасында дүниеге келген. Екі әпкесі мен артынан ерген інісінің ортасында еркелеп өскен ол балалық шағынан музыка әлемін жанына жақын тұтып, ән шырқап, гитарада ойнайды.Астана медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша былтыр ғана бітірген сұлу "Miss Virtual Kazakhstan" байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңіске жетті.

Арайлым, енді "Виртуалды әлем аруы" халықаралық конкурсының финалында Қазақстан атынан бақ сынайтын болады. Бүгін әлемнің түрлі елдерінен келген 20 сұлу қыз "Miss Virtual World"тәжі үшін финалдық дауыс жинауда. Олар көрермен көзайымы үшін күреседі.

Дауыс беру inDriver мобильдік қосымшасында өтіп, 20 қазан күні аяқталады.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521