ban2

Индерде фермерлер одағы құрылды

Қазақстанның өзге облыстарында құрылып, бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан фермерлер одағының облыстағы ұйымының төрағасы Мұрат Сатыбалдыұлы Сарманов ауданда болып, ауыл шаруашылығы саласы басшылары және шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев кездесуді ашып, Атырау фермерлер одағының өңірлік филиалының жетекшісі М.Сарманов қызметінің негізгі бағыты – облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші фермерлердің заңды мүдделерін қорғау, құқықтық, басқа да несие-қаржылық жайларын реттеуге жағдай туғызу екендігін әңгімелеп берді.

–Фермерлер одағы филиалының ашылуы бірінші кезекте аудандағы ауылдар мен алыс елді мекендердегі тұрғандардың өз бизнесін бастағысы келетіндерге тиімді. Өйткені, олар алдымен өз мүдделерін қорғайтын, қажетінде кеңестер және заңды көмек алуына, өзі қалаған сала түрін дамытуға жолы ашылады. Шаруа қожалықтарының иелері жыл сайын субсидияға қол жеткізуіне мүмкіндіктері кеңейе түседі, – деді.

Жиында аудандағы фермерлер одағының төрағасы болып аудандық мәлихаттың депутаты, Өрліктегі «Нүрет» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Ильясты бірауыздан сайлады.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner