ban2

Индерде "Ару ана" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бүгін Индер ауданының орталығы Индербор кентінде еліміздің демографиясының дамуына зор үлес қосып жүрген көпбалалы аналардың арманы орындалып, жылдар бойы күткен жылы ұяның кілті табысталды.

«Болашақ» мөлтек ауданынан биыл бой түзеген екі пəтерлік 30 үйдің жартысы пайдалануға берілді. Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлердің барлық жағдайы жасалған. Баспаналы болған көп балалы аналардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі - Райля Кереева үй кезегінде 9 жылдан бері тұрғанын айтады. 4 баланы өмірге əкелген жалғызбасты ана қарашаның алғашқы он күндігінде он жыл күткен арманына қолы жеткеніне риза. Үш бөлмелі пәтердің иесі атанған ол балаларының болашақта елге елеулі еңбек сіңіруіне бар күшін жұмсайтынын жеткізді.

2

7

5

Осы күнді асыған күткен аналарды аудан әкімі Мейірім Қалауи құттықтады.

-Еліміздің басты әлеуметтік саясатының бірі - көпбалалы аналарды қорғау, балалардың болашағын жарқын ету. Біз қазір 32 пəтердің кілтін табыстағалы отырмыз. Оны жылдың аяғына дейін 53-ке дейін жеткіземіз. Осы үйлердің барлығы көпбалалы аналарға берілетін болады. Бұдан бөлек «Көктем» мөлтек ауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатырса, оған қоса биылғы жылы 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Барлығын қосқан кезде 300-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі. Бұл аудан тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Ендігіде сіздер сәбилердің болашағын жарқын әрі бүгінгі күндей шуақты болуын қамтамасыз етіп, олардың бұрыс жолға түспей, дұрыс жолмен жүріп, тәрбие алып еліміздің өркендеуіне үлестерін қостыру мақсатында ата-аналық борыштарыңызға адал болады деп сенеміз,-деді ол.

8

6

Айта кетейік, тұрғын үй кешінінің ең бірінші ғимараты өнер мектебі ретінде ашылып отыр. Бұл өз алдына ірге көтерген «АРУ АНА» кешені. Біздің анықтағанымыздай, қазіргі таңда тұрғын үй кезеңінде 160 көпбалалы отбасы кезекте тұр.

9

 

«Дендер-Ақпарат»

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner