Индерде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қандай іс-шара өтеді?

Индер ауданында бойынша 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бірнеше іс-шара өтеді.

29 қарашада:

Құрылыс ауылдық мәдениет үйінде «Елмен етене Елбасы» атты мерекелік шара сағат 10:00-де өтеді.

Бөдене орта мектебінің акт залында «Тұңғыш Президент күні - тарихи маңызы зор мереке» атты әдеби сазды кеш сағат 15:00-де басталады.

«Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы» атты мерекелік шара Елтай ауылдық мәдениет үйінде болады.

30 қарашада:

Аудандық мәдениет үйінде сағат 15:00-де «Елбасы күні - елдікке құрмет» атты мерекелік шара өтеді.

Аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешеніде ересектер арасында волейболдан аудандық ашық біріншілік өтеді.

Аудандық кітапханада «Елбасы-ел тірегі» атты портреттік кеш және «Елбасы-жолы ертеңгіге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

«Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында жас ақындар мүшайрасы өтеді.

Жарсуат ауылдық мәдениет үйінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік шара сағат 15:00-де басталады.

«Елін сүйген Елбасы» тақырыбында мерекелік әдеби-сазды бағдарлама Ынтымақ мәдениет үйінде өтеді.

1 желтоқсанда:

Өрлік ауылдық мәдениет үйінде «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты әдеби сазды кеш өткізіледі.

Аққала ауылдық мәдениет үйінде «Елі сүйген - Елбасы» атты мерекелік шара өтеді.

Көктоғай ауылдық мәдениет үйі «Елбасы – тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік шара басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521