ban2

Индерборда бағдаршам орнатылуда

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Индербор кентінде тұңғыш рет бағдаршам орнатылуда.

Тәулік бойы ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің қозғалысын реттеу үшін жол белгілерімен қатар бағдаршамдардың да атқаратын рөлі ерекше. Бүгінде аудан орталығында көлік саны көбейді, әрі кент іші халықаралық магистралды жолға айналып отыр. Сондықтан да бағдаршам қажеттіліктен туындауда.

- Алдымен жолда кептеліс көбейіп отырған кентке кіре берістегі Тайсойған мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршам қоюды ұйғардық. Келесі жылы басқа да орталық көшелерге бағдаршам орнатылатын болады, - деді Индербор кенті әкімі Р.Тұрабаев.

Өз тілшіміз.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner