ban2

Индербор кентіндегі жол белгілері жаңартылуда

«Атырау-Индер» автокөлік жолы жаңадан салынғаннан бері Индербор кенті халықаралақ транзитке айналды десе болады.

Жаңа пайдалануға берілген жолмен кім жүргісі келмейді? Атырау мен Орал жағынан келе жатқан халықаралық көліктер де басқасы да көпірден өтіп кент ішімен өтуді дағдыға айналдырып алды. Олардың дені заманға сай заманауи спутниктік навигатор жүйесін орнатқан десе де бірқатарының кент ішінде адасып жүргеніне талай куә болдық. Ашық аймақты Махамбет көшесінің орнына жан-жағынан бұрылар жері жоқ, Б.Бозекенов сынды тар көшемен де кесіп өтеді. Ал «Шығыс», «Болашақ» мөлтек ауданы жақтарына қарай да асып кетіп, қайта оралуға мәжбүр болады. Бұл жәй өз кезегінде тұрғындардың орынды ренішін туғызған болатын.

Осы орайда Атырауға, Махамбетке, Оралға, немесе кенттің ішкі аймақтарына бағытталған және басқа да жолда жүру ережесіне сай 286 жол белгісі орнатылған болатын. Алайда өткендегі күшті борандардың салдарынан жол белгілерінің бірқатары ұшып кетіпті. Осы орайда Индербор кені әкімі Асхат Аймұратовқа хабарласқан болатынбыз.

- Жол белгілерін тендерден ұтып алып орнатқан «Нұржан строй» ЖШС болатын. Келісім шарт бойынша олардың жол белгілеріне кепілдіктері 1 жыл мерзімде. Осыған орай күшті желден ұшып кеткен жол белгілерін қайтадан сапалы етіп орнатуды талап етіп отырмыз, - дейді кент әкімі.

Сонымен қатар мектептер мен балабақшалар маңына жасанды жол кедергілері орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасалынып отыр.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner