Индербор ең үлкен қалаға айналмақ

Қазақстан Республикасының Президенті «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында елімізді одан әрі дамыту жолдарын көрсетті.

Менің көзқарасымда, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орын алса, халықтың үні естілсе, шиеленіс жағдайларды жоюға болады. Бұдан бұрын алаңға өмірлік деңгейі төмен топтар шығып өздерінің билікке наразылығын білдірген Президенттің дипломаттық тәсілдері азаматтардың сауалдарын шешуге көмектесті және шиеленіс жағдайларды жойды. Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен барлық Қазақстанның аудандарында тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарды қамқорлыққа алып, үлкен көмек көрсетіп жатыр.

Президент жұмыстың жаңа тәсілдерін, жаңа түрлерін енгізуде. Әсіресе мен төртінші тарауды зейін салып оқыдым. «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың дамуына және әлеуметтік мәселелерге көңіл аударды. «Әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсарту қажет. 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдар негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт- бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Ауыл мектептерінің білім сапасын түзету үшін білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету керек.

«Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің саласы алшақтап барады. Сондықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Мемлекет басшысы тағы бір мәселеге тоқтады. «Бұл оқулық сапасының төмендігі – Білім беру Министрі Асхат Аймағамбетов оқулықтарды өзі тексеріп, бірқатар қателіктер тапқан. Менің ойымша Қ.Тоқаев сөздері тікелей білім саласына қатысты. Жыл сайын мектептерде ғылыми-зерттеу жобалардың сайысы өтеді.

Ғылыми зерттеулердің ғылыми жетекшілері оқушыларды биік деңгейде дайындау теорияны тәжірибе және практикамен байланыстыру. Тапқырлыққа жаңаша жол ашу – олардың міндеті. Ғылыми-зерттеу жұмысы еліміздің дамуына, пайдасына бағытталуы керек. Қазақстанда жас ғалымдар бар, бірақ олардың қатары аз. Ғылыми жобада өнертапқыштық, тапқырлық көрсету басты мақсат. Президент отбасы және бала институтын қолдау, инсклюзивті қоғам құруды, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеу қажеттігін, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиістігін атап өтті. Біздің Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға баспана беріліп, жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

2020 жылы Президент Жолдауында «Волонтер жылы» деп жарияланды. Басты міндет: жастардың, студенттердің оқушылардың бойына белсенді өмірлік ұстанымдар қалыптастыру. Қазақстанның өркендеуі ардагерлерді қуантады.

Жолдаудың аясында Индер ауданының әкімі М.Ж.Қалауидың айтуынша, Индербор қалашығының ішінде көркею жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр. Жас әкімнің қуаты, шығармашылық құлшынысы, өміршеңдік, көңіл-күйі ауданның ішіндегі жұмыстарды кең маштабта өрістетті. Болашақта Индербор ең үлкен қала болатынына сенімдімін. Біз, ардагерлер, қолдаймыз, және мақұлдаймыз. Президенттің Жолдауын бәріміз бірге қолдасақ, еліміз бұданда зор жетістікке жететініне сенеміз! Біздер біргеміз!

Бақыт ҚАРЕКЕШОВА,

білім беру саласының ардагері, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521