Индер ауданында Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шара өтеді?

12 желтоқсанда:

1. Аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «Тәуелсіздік-берік қолда!» тақырыбында 2006-2007 ж.т. жастар арасында баскетболдан аудандық біріншілік өтеді.

2. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте сағат 10:00-де 2005-2006 ж.т (ұл, қыздар) мектеп оқушылары арасында волейболдан аудандық біріншілік өтеді.

3. Аудандық кітапханада «Тәуелсіздікке-тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

13 желтоқсанда:

1.Аудандық мәдениет үйінде «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны» атты мерекелік шара сағат 15:00-де басталады.

14 желтоқсанда:

1. С.Сейфуллин орта мектепте «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан» атты тақырыптық кеш өтеді.

2. Елтай мәдениет үйінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өтеді.

3. «Тәуелсіздік тұғыры биік тұрсын» атты мерекелік шара Аққала мәдениет үйінде сағат 15:00-де басталады.

4. Құрылыс мәдениет үйінде «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты мерекелік шара өтеді.

5. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» атты мерекелік шара Жарсуат мәдениет үйінде сағат 10:00-де басталады.

6. «Мәңгі жаса қазақ елі!» атты мерекелік шара Ынтымақ мәдениет үйінде өтеді.

7. Жамбыл орта мектебінде «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік шара сағат 16:00-де басталады.

8. Бөдене орта мектебінде «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік шара өтеді.

15 желтоқсанда:

1. «Гүлдене бер Қазақстан» атты мерекелік шара Көктоғай мәдениет үйінде өтеді.

16 желтоқсанда:

1.Өрлік мәдениет үйінде «Тәуелсіздігі халқымның – жарқырап атқан таң болар» атты мерекелік шара өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521