Қиналған адам Нұр Отанды іздейді

Бағыт-бағдары айқын Қазақстандағы іргелі «Нұр Отан» партиясының құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр.

Сондықтан да өңірдегі бар саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысып отырған іргелі партияның аудандағы өкілі, филиал төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Темірғалиұлы Оразғалиевты осы тақырыпта сөзге тартқан едік.

- Естуімізше, «Нұр Отан» партиясы өзінің 20 жылдығына дайындық жұмыстарын өткен жылы бастап кеткен сияқты.

- Оныңыз рас, партияның 20 жылдығына дайындық жұмыстары бірнеше толқындағы іс-шараларды біріктірген жоспары қолымызға өткен жылы тиіп, бірқатар жұмыстар басталды, бүгінде, басшылыққа алынып отыр. Онда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалаушы Елбасы, «Нұр Отан» партиясының қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының өсуіне, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жолындағы басымдықтары, революциялық 3.0 жаңғырту кезеңінің бастаушы саяси күш ретіндегі маңызын айқын таныта түсу міндеттері қойылған.

Бірінші кезекте жер-жерлерде «Партия күні», «Партияның 20 ізгілікті ісі», «20 бизнес менторы», «Үздік қоғамдық қабылдау», компьютерлік үздік бағдарламалар, робот техника, «3D модельдеуші» байқаулары, республикалық, түрлі деңгейдегі ақпараттық қолдау шаралары басталды.

Қазір 12 бастауыш ұйымды біріктіретін аудандық филиалда 2068 партия мүшесі бар. Филиал жанынан қоғамдық қабылдау орны, депутаттық фракция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және партиялық бақылау кеңестері құрылып, өз міндеттерін атқару үстінде.

- Партия жұмысы пәрменділігінің айнасы қоғамдық қабылдаулар белсенділігі көрсетеді деуге болады ма?!

-Әрине, жұмысты жетілдіру, оның пәрменділігін арттыру күн тәртібінен түскен емес. Соның ішінде жұмысымыздың пәрменділігі қоғамдық қабылдаулар, арнайы комиссиялар жұмысына тікелей қатысты.

Өйткені, партия жұмысымен етене жақынырақ танысу қарапайым адам үшін осы жерден басталады ғой. Қабылдауларды тек жергілікті жерлердегі бөлім, мекеме басшылары, мәслихат қана емес, Парламент Сенаты, Мәжіліс депутаттары, облыс әкімі, оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында арнайы бөлінген спикерлер мен аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің қатысуымен басқосулар, жиын, мәжілістер жүйелі өткізіліп тұрады. Өткен кезеңде мәслихат депутаттары жауапкершілікпен қарап, жоспарланған 4 рет партия филиалының қабылдау бөлмесінде бірыңғай "Ашық есік күні", тоқсан сайын қоғамдық қабылдаулар тиянақты өткізіліп келеді. Нәтижесінде 2017 жылы азаматтардан 403-ке жуық жеке өтініш түсіп, оның 84-і оң шешімін тапса, 2018 жылы 119 өтініштің, 33-і нақты шешімін тапты.

Аудандық мәслихаттың 11 депутаты толығымен «Нұр Отан» партиясының мүшелері, оның 10-ы фракцияға бірігіп, Индербор кентінде кәріз айдау станциясы мен желілерінің құрылысы туралы бөлім басшылары мен мердігерлердің жұмыстары тыңдалды. Сонымен бірге бой көтеріп жатқан құрылыс нысандардағы жұмыстардың сапасы да бақыланып тұрады.

Бұл ретте облыстық мәслихат депутаты Сағидолла Құлғалиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бөдене ауылынан боздақтарға арналған обелискті қайта салып берсе, аудандық мәслихат депутаты Сайлау Байбосынов Ынтымақтағы тозығы жеткен құбырларға дәнекерлеу жұмыстарын жасатып, тұрғындарға жазғы ауызсу берудің оң шешіміне ықпал еткенін айтпасқа болмайды.

Толығырақ газетіміздің 17 қаңтардағы №3 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521