ban2

Газ желісі жаңартылуда

Индербор кентінің орталық көшелерінде газ желісі жаңартылуда.

Кент тұрғындары соңғы бір-екі жылдан бері жаңа кәріз жүйесін жүргізуге орай көше қазудан зәрезап болғандай әсерде. Сондықтан да «көше бойлап экскаватормен тағы не қазуда?» деген сауал туындауы мүмкін. Бұл жолы кентішілік асфальт жолдардың салынуына орай орталықтағы Д.Қонаев, Қ.Төленбаев, Г.Шамин сынды көшелерде 1978 жылы төселген ескі газ желісі жаңартылуда.

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов аталған аймақта орта қысымды 2370 метр газ құбырын ауыстыру басталғанын, сондықтан да орын алған уақытша қолайсыздыққа орай тұрғындардың түсіністікпен қарауға шақырады.

Саламат БАЗАРБАЕВ

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner