Гүл сыйлаған тәртіп сақшылары

Бүгін ауданда көлік жүргізетін қыз-келіншектер құшақ толы гүл мен әсем сыйлыққа ие болды. Оларға мұндай ерекше шараны облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол потрульдік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Бекзат Галешев пен Әлібек Куршекенов жасады.

Мереке күні қарсаңында ауданда алғаш рет ұйымдастырылған шара кезінде полиция аға лейтенанттары көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға сыйлықтарын тарту еткенде, жылылық нұрын себетін нәзік жандылар біраз толқып, алғыстарын білдірді.

Солардың бірі кент тұрғыны, көлік жүргізгеніне он жыл болған Лаура Бағытжанова да кенеттен жасалған тосын сый адамзат баласына үлкен әсер беретіндігін, сондықтан гүл сыйлаған тәртіп сақшыларына зор ризашылығын білдірді.

Енді, ертең 8 наурыз күні ауданда мұндай шаралар легі жалғасады,-дейді полиция аға лейтенанттары.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521