Фаризаны елтайлықтар да еске алды

Индер ауданы Елтай ауылдық мәдениет үйінде «Поэзия падишасы» атанған ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жыл толуына арналған «Әуелден өлең жырға құштар жанмын» атты еске алу кеші өтті.

Қазақ поэзиясын ерекше нұрландырып, жұлдыздай жарқыратып, намысты қайрап, қыр қазағын жыр бесігінде тербеткен ақынның өмірі мен өнерінен өрілген бейнебаян көрсетілуінен басталған шара кітап көрмесінің таныстырылымымен, ән кешімен жалғасын тапты.

korme

Кеште ауыл өнерпаздары Е.Нәбидоллаұлы «Жайықтың толқындары», С.Көшекова «Ауылым», С.Қабдолов «Жақсы көру», М.Каримова «Айша бибі», Т.Болатқызы мен К.Изимов «Фариза» әндерін орындаса, М.Сиранов атындағы орта мектеп оқушылары С.Райымбек, Н.Бекшойын, А.Болатов, Н.Ерсайын, Б.Самиғолла ақын апаларының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, кітапханашы Мархаба Наринова Ф.Оңғарсынова образында «Өлең мен сені аялап өтем» өлеңін нақышына кетіріп айтса, жастар сахналық қойылым қойып, көпшілік ризашылығына бөленді.

kamal-aga

Айымдай жалқы арман үй,

Жанымды жырмен жалғадым,

Өзімді саған арнадым... деп жүрегі жыр боп соғып, таңдайынан таза сезім төккен ақын кешін қорытындылаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сағынов пен зейнеткер кітапханашы Рысжан Мүти ауылдастарына алғысын жаудырып, асылға деген құрмет жалғасын таба беруін тіледі.

kojylym

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521