«Ескі ғимараттар ауыл сәнін алып тұр»

Биліктің халықпен тығыз байланыс орнату мақсатын көздейтін «Ашық есік» шарасы Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылдық округі әкімдігінде де өтті.

Жұмыс уақыты болғандықтан болар, белгіленген уақыт сағат 17.00-18.00 аралығында төрт адам қабылдауға келіп өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Айталық, ауыл тұрғыны Габдешов Нұрбол ауылды көріктендіру айлығы аясында кіретін кірме жолға ауылдың атауын көрнекті етіп салу жөнінде ұсыныс айтса, Сидегалиева Алтын балалардың базарлы үйі балабақша салу керектігін жеткізді.

Елді мекеннің сәнін алып тұрған қураған теректерді кесу, совхоз кезінен қалған ескі объектілерді жою мәселесі де көтерілді. Бұл өтінішті тұрғын Нигметова Насиха айтты. Әкімдік мамандары келушілердің ұсыныстары ескерілетінін, алдағы уақытта жұмыс жоспарына енгізілетінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521